ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке «тиесілі қымбат сарайлар мен мүліктер» тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке «тиесілі қымбат сарайлар мен мүліктер» тәркіленді

13.03.2022

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «мемлекетке опасыздық жасады» және «билікті күшпен басып алмақ болды» деп айыпталған ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке «тиесілі қымбат сарайлар мен мүліктер» тәркілегенін хабарлады. Тергеу барысында Мәсімовтің «жемқорлық әрекеттері де анықталған».

Берген ақпарға сүйенсек, «Мәсімовтің ҰҚК төрағасы болып тұрған кезде шет мемлекет өкілінен 2 млн доллар көлемінде пара алу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл қаражат Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтарылған». Сонымен бірге Мәсімов премьер-министр болып тұрған шақта иеленген құны 2,5 млрд теңге тұратын элиталық қонақ үй мен жер телімін алу фактісі бойынша да тергеу басталған. ҰҚК-ның айтуынша, қаңтарда Мәсімов ұсталғаннан кейін осы қонақ үйден 17,2 млн доллар мен бағалы заттар, 11 қымбат көлік тәркіленген. Мынау суреттері. ҰҚК «Мәсімов пен айналасындағылар шетел банктеріне шығарған аса ірі мөлшердегі қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару жұмысы» ұйымдастырылып жатқанын да атап өткен.

Қаңтарда Мәсімов ғана емес, оның үш орынбасары Марат Өсіпов, Дәулет Ерғожин мен Әнуар Садықұловтың ұсталғаны хабарланды. Ал Мәсімовтің бірінші орынбасары қызметін атқарған Самат Әбіш қызметінен босатылған еді.


Хабарламаларға жазылу