«Шебер-2014» байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шебер-2014» байқауының жеңімпаздары марапатталды

05.07.2014
«Шебер-2014» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астанада «Шебер-2014» республикалық қолөнер байқауының жеңімпаздары анықталды. Оған барлығы 150 адам қатысып, ақтық сыңға 32 үміткер жетті. Оның он екісі  «Озат іскер», «Асыл ұстаз», «Жоғарғы сапа» аталымдары бойынша марапатталып, жүлделі орындарды иеленді. Одан бөлек, жеңімпаздарға  Қытай еліне жолдама берілді. Айта кетейік, «Шебер-2014» байқауы биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.

Айжан Бекқұлова, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы:

Біздің байқаудың жеңімпазы атану - үлкен дәреже. Мұны шеберлер де жақсы түсінеді. Міне, бірнеше жылдың жүзі болды, біз Қазақстанда қолөнер кәсібін дамыту мақсатында осы байқауды өткізіп келеміз. Дарынды қолөнершілерді іздейміз, оларға қолдау көрсетеміз.

АЙДАНА ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу