Жамбылдық шекарашылар заңсыз электронды темекі өткізбек болғандар ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдық шекарашылар заңсыз электронды темекі өткізбек болғандар ұстады

11.03.2022

Қазақстанға заңсыз электронды темекі өткізбек болғандар ұсталды. Жамбылдық шекарашылар «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде Қырғыз елінен келген контрабанда өнімін анықтады.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Қырғызстан азаматтары тізгіндеген «Вольво» және «Мерседец-Бенц» жүк көліктері шекарада тексерілген. Нәтижесінде көлікке тиелген электронды темекілердің заңды құжаттары болмай шықты. Тәркіленген контрабандалық өнімнің жалпы құны, шамамен, 210 миллион теңге.


Хабарламаларға жазылу