Қызылорда облысында 70 мыңнан аса тұрғын «Pfizer» вакцинасын салдырды. Соның 90 пайызы 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер.
Жалпы өңірде эпидахуал оңалды. Тіпті, індет жұқтыру дерегі бірнеше күннен бері тіркелген жоқ. Аймақтағы ауруханаларда небәрі 21 науқас коронавирустан ем алып жатыр. Жұқпалы вирустың бәсеңдеуін мамандар жаппай вакциналаудың нәтижесі деп отыр. Қазір өңірде 417 мың тұрғын екпе алған. Сондай-ақ, ревакцинация да қарқынды жүріп жатыр.
Жангелді Шайымбетов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Қазіргі таңда облысымыздың 94,1 пайыз тұрғыны бірінші және екінші компоненттермен толыққанды вакцинация жұмыстарымен қамтамасыз етілді. Облысымыз бойынша қазіргі таңда 155 мың тұрғын ревакцинация, үшінші курс дозасын алды.
Ақмола облысында індет жұқтырғандар азайып келеді
Ал, Ақмола облысында жағдайы ауыр науқастар мүлдем жоқ. Стационардағы жан сақтау бөлімдері бос тұр. Өңір бойынша індет жұқтырған 45 адам ем қабылдап жатыр. Өткен тәулікте тек 4 адам вирус жұқтырған.
Әділбек Серікұлы