Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтті

06.03.2022

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы қазіргі геосаяси жағдайдың Қазақстанға тигізетін кері әсеріне төтеп беруге бағытталған қажетті шаралар топтамасын талқылаудан басталды деп хабарлады Ақорда.

Президенттің айтуынша, Үкімет құрған Дағдарысқа қарсы шараларды үйлестірудің жедел штабы Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанның экономикалық салаларына тигізетін әсерін жан-жақты талдауға, жағдайдың қалай өрбитініне қарап шара қабылдауға, сондай-ақ алдағы іс-қимылдардың бірыңғай жоспарын жасауға тиіс. Мемлекет басшысы Үкіметті бұл бағытта шұғыл әрекет етуге және бизнес қоғамдастықпен тығыз байланыста жұмыс істеуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық талдау негізінде кәсіпорындарды, қажет болған жағдайда, халықтың жекелеген топтарын қолдау шараларының топтамасын дайындауды тапсырды. 

Жайна Сламбек


Хабарламаларға жазылу