Осы аптада Мемлекет басшысы маңызды бірнеше жиын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада Мемлекет басшысы маңызды бірнеше жиын өткізді

06.03.2022

Аптада Президент Қ.Тоқаев осы тақырыппен байланыстыратын бірнеше жиын өткізді. Наурыздың төртінде Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді деп хабарлады Ақорда. Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету және ведомствоаралық үйлестіру міндеттеріне ерекше назар аударды. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің өзара тиімді іс-қимылы қауіпсіздікке төнетін қатерді дер кезінде анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді. Президент қазіргі жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету және қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау аса маңызды екенін атап өтті, деп жазылған хабарламада.

Ал сәрсенбіде Қарулы Күштердің басшылығымен кеңес өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар заманауи цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру қажет екеніне назар аударды, деген ресми ақпаратта. Жиында Қазақстан әскерін заманауи әрі жоғары технологиялы қару түрлерімен, әскери техникамен қайта жабдықтау мәселелері талқыланып, Қорғаныс министрлігіне әскери күштерді пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу арқылы жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарау тапсырылған.

Жайна Сламбек

Хабарламаларға жазылу