Бүгін Польшадан елордалық әуежайға үшінші рейс келіп қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Польшадан елордалық әуежайға үшінші рейс келіп қонды

04.03.2022

Бүгін түнгі сағат 4-тер шамасында Польшадан елордалық әуежайға үшінші рейс келіп қонды. Бұл Украинада қалып қойған азаматтарымызға біздің елшілік тарапынан жасалған эвакуациялау шарасы. Жалпы бұған дейін 300-дей азамат қауіпсіз аймақтарға шығарылып, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына ұшақпен жеткізілген. Бүгін тағы 130 адам елге оралды. Оларға жатар орын, тамақ беру жағынан елшілікпен бірге еріктілер де көмектескен. Жерлестеріміз қиын қыстау кезде көмек көрсеткен қазақстандық елшілік өкілдеріне алғыстарын жеткізді.

Зейнеш Омарова:

Бәрінен бұрын осы біздің басшыларымызға алғысымды айтқым келеді. Өйткені өте қиын жағдайда қалдық. Шекаралардың барлығы жыбылып қалды. Енді ойланып отырғанмын қалай қайтамын деп. Сол кезде осындай Қазақстан Республикасы өз азаматтарын Қазақстанға алып келе жатыр деп естідім де қуанып кеттім.

Берекеміз артқан, бейбіт күнге жетер ештеңе жоқ. Украинадан Қазақстанға оралған отандасымыздың дені осындай пікірде. Шиеленісті өз көзімен көрген олар енді жер бетінде соғыс болмасын, тыныш заман орнасын деген тілегін де айтып жатыр. 

Хабарламаларға жазылу