Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті

02.03.2022

Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті. Бірі 15 жаста екіншісі 5 жасар. Олар жаяу жүргіншілерге арналған жолақ бойымен жолды кесіп өтпек болғанда, «Hyundai Accent» автокөлігі келіп соққан. Жарақат алған балалар ауруханаға жеткізілді. Ал, жүргізушіге қатысты тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ, осы Екібастұз қаласы аумағында облыстың экс-әкімі Болат Бақауов мінген Лексус автокөлігі Газельмен соқтығысқан болатын. Жол апаты 14-ші ақпан күні тіркелді. Полиция бүгін осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Жол аптынан зардап шеккен көлік жүргізушісі орташа ауыр халде ауруханаға түскен.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу