Петропавлда екі оқушыны көлік қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда екі оқушыны көлік қағып кетті

22.12.2021

Қызылжарда жолды кесіп өтпек болған екі баланы көлік қағып кетті. Оқиға М.Жұмабаев көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жолақта болған. Бақылау камераларына түсірілген бейнежазбада көшенің қарсы бетіне өтіп бара жатқан үш баланың екеуін жеңіл көліктің қағып өткені көрінеді.

Түрлі жарақат алған 13 және 14 жастағы жасөспірімдер ауруханаға жеткізілді. Жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Петропавл

Хабарламаларға жазылу