Елбасы Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулинді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулинді қабылдады

19.05.2020

Бүгін Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады. Кездесуде Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» фракциясының қазіргі қызметі мен партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бақылау жүргізу барысы тталқыланды. Мәжілістің қарауындағы 137 заң жобасының 40-тан астамын «Nur Otan» фракциясының депутаттары әзірлеген. Сонымен қатар, Елбасына еліміздің дағдарысқа қарсы дамуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен ұсыныстар туралы мәлімет берілді.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу