Астана атауы: Әлеуметтік желі қолданушыларының көзқарасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана атауы: Әлеуметтік желі қолданушыларының көзқарасы

16.09.2022

Сенат пен Мәжіліс депутаттары елорда атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгертуді қолдап дауыс берді. Бұл әуелі халықтың талап-тілегі болатын. Сол себепті, бүгінгі жаңалыққа байланысты әлеуметтік желі қолданушылардың пікірін бір шолып өтсек...

Әлеуметтік желілерде, әсіресе, «Фейсбукте» елорданы Астана деп атау мәселесі кеңінен талқыланып, оң бағасын алуда. Дені, сүйіншілеп, қуанышын білдіріп жатыр.

Кей азаматтар бұл өзгеріс- билік пен бұқара арасындағы байланыс пен тандемнің бар екенін көрсетеді дейді.

Әлеуметтік желінің қолданушылары өзгерісті құр қолдамай, нақты тиімді тұстарын да сараптап айтқан.

Елорда атауын Астана деп өзгерту «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген. Қос палата қолдады. Енді, Президент жарлыққа қол қойса, елорданың атауы – Астана болмақ.


Хабарламаларға жазылу