В.Зеленский Донбасста 4 сарбаздың қайтыс болуына байланысты В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

В.Зеленский Донбасста 4 сарбаздың қайтыс болуына байланысты В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті

07.08.2019

Донбасста украиналық төрт жауынгер артиллериялық шабуылдан мерт болғаннан кейін президент Владимир Зеленский Кремль басшысына телефон соқты. Украина жетекшісі ресейлік әріптесі Владимир Путинді Донбасстағы көтерілісшілерге ықпал етуге шақырған. Сонымен қатар Зеленскийдің сөзінше, Путин оған уәде берген. Алайда оның мән-жайы әзірге белгісіз. Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы соғыстан 2014 жылдан бері 13 мыңдай адам қаза тапты. Ал Ресей, Украина, Франция, Германия бірлесіп жариялаған ымыра Донбасстағы негізгі қарулы жанжалды тоқтатқанымен, онда шағын қақтығыстар әлі де жалғасып жатыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу