Бурахан Даканов: Көші-қонның саябырсып жатқан себебі, оның бағдарламасын жауаптылардың қалада отырып жасап шығуында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурахан Даканов: Көші-қонның саябырсып жатқан себебі, оның бағдарламасын жауаптылардың қалада отырып жасап шығуында

27.02.2022

Халқы аз солтүстік облыстарға халық тығыз орналасқан оңтүстіктен, сонымен бірге еліміздің батысынан адам көшіру стратегиясы. Басталғанына оншақты жыл болды, осы уақытқа дейін қанша адам көшірілді? Қоныс аударған отбасылардың бәрі бейнелеп айтқанда сіңіп кетті ме? Қандай мәселелер шықты, қазір қалай болып жатыр? Салып берген үйлері көгістенгені немесе ауыз суы жоқ жерлерге апарғаны туралы мәселелер көтерілген.

Назар аударғанымыз - Петропавловск.news деген сайт кеше DataMetrics деген компанияға сілтеме жасап, мынадай мәлімет берді: Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының тұрғындары оңтүстіктен адам көшірілгеніне қарамай, көбеймек түгілі, азайған. Соңғы бес жылда СҚО халқы 20 мың адамға кеміген. Жалпы, «Еңбек» бағдарламасы бар, «Серпіні» бар, халықты қоныстандыруға бес жылда 450 миллиард теңге жұмсалған деп жазады.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласынан Амангелді Сейітханның репортажы.


Хабарламаларға жазылу