Ерекше балаларға барынша қолайлы жағдай жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерекше балаларға барынша қолайлы жағдай жасалады

26.01.2024

Ерекше балаларға арналған қызметтер қолжетімді емес. Арнайы балабақшалардың қызмет ақысы айына 250 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейін барады. «Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қоғамдық қабылдауында болған тұрғындар осы мәселені көтерді.

Елордалық Маркен Нұрланованың сөзінше, білікті маман тапшы. Диагностикалық процедуралар кезегі үш айға созылады. Денсаулық сақтау немесе Оқу-ағарту министрлігі тарапынан бақылау жүргізілмейді. Ал Ақтөбе тұрғыны Руслан Қазыбаев спорт секцияларында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ваучерлер мен жеке кезек енгізуді ұсынды. Ерлан Қошанов бұл бағытта әрдайым қолдау болатынын айтты. Мәселен, былтыр 8 ерте араласу орталығы құрылды. Сондай-ақ мектеп қабырғаларында 61 инклюзия сыныбы ашылды. Тұрғындардың сын-ескертпесі заң шығару ісінде ескерілетіні айтылды.


Хабарламаларға жазылу