Мәулен Әшімбаев: Ресей мен Украина арасындағы жағдайдың шиеленіскенін көріп отырмыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: Ресей мен Украина арасындағы жағдайдың шиеленіскенін көріп отырмыз

24.02.2022
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей мен Украина арасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Мәулен Әшімбаев БҰҰ осындай мәселелерді қарастыратын негізгі ұйым екенін атап өтті. Сондықтан бұл дағдарысты дипломатиялық жолмен реттеуге мүмкіндік бар.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
Біз жағдайдың шиеленіскенін көріп отырмыз. Ол жаңа кезеңге өтті. Ақпарат келіп жатыр, оған сәйкес жағдай шиеленістің жаңа деңгейіне көтерілді деп бағалауға болады. Бұл жағдайда келіссөздер арқылы осы қақтығыстың саяси бейбіт шешімін іздеу өте маңызды. Келіссөздер барысында барлық қатысушы тарап мүдделері ескерілуі керек және БҰҰ шеңберіндегі келіссөздер тиімді болар еді.

Украина Ресей Мәулен Әшімбаев Сенат Төрағасы БҰҰ

Хабарламаларға жазылу