Ұлттық құрылтай – Түркі халқына ортақ ұғым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құрылтай – Түркі халқына ортақ ұғым

23.06.2022

Ұлттық құрылтай халық пен билік арасындағы диалогты дамытуға септігін тигізеді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесінде айтылды. Төраға орынбасарының айтуынша, ассамблея мүшелері осы бағытта жұмыс істеуге, саяси реформаларды халыққа түсіндіруге дайын болуы тиіс. Себебі құрылтай тек қазаққа емес, түркі халқына ортақ ұғым. Ондағы айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жаңа көкжиектер мен жұмыс қырларын ашады. Халықты еститін биліктің барын көріп отырмыз. «Сол себепті саяси реформаларды жүзеге асыруда ассамблеяның барлық мүшелері аянбай ат салысуы керек дейді», – іс-шараға қатысушылар.

Әскер Пириев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

Қазақта «50 жылда ел жаңа» дейтін ұғым бар. Бізде цифрлық, жаһандану заманы болғандықтан 50 емес, 30 жылда ел жаңарып жатқанын көріп отырмыз. Билік пен халық арасындағы диалог орнықты ма десек, ол бір күнде болмайды. Халық пен биліктің арасындағы нағыз диалог осы құрылтай арқылы болатынына сенімдіміз.


Хабарламаларға жазылу