Қ.Тоқаев PSA компаниялар тобының басшысын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев PSA компаниялар тобының басшысын қабылдады

23.02.2022

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Сингапурдың PSA компаниялар тобының бас басқарушы директоры Тан Чон Мэнді қабылдады. Бейнебайланыс режимінде өткен кездесуде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды. Бұл компания жобалау, құрылыс, құрлық пен теңіз порттарын басқару, сондай-ақ көлік-логистикалық жұмыстармен айналысады. PSA желісінің 26 елде 50-ден астам филиалы бар. Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көлік-логистикалық және инфрақұрылымдық әлеуетіне назар аударып, Қытай – Еуропа дәлізі бойынша құрлық транзиттік тасымалдың 83 пайызы біздің еліміз арқылы өтетініне мән берді. Ал Тан Чон Мэн Президентке кездесу үшін алғыс айтып, Қазақстан аумағындағы әртүрлі көлік-логистикалық жобаларға инвестиция салуға зор қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді. 

Хабарламаларға жазылу