Ардагерлер: Әр әскери қызметкердің антқа адалдығы - Отанға деген адалдығымен өлшенеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагерлер: Әр әскери қызметкердің антқа адалдығы - Отанға деген адалдығымен өлшенеді

22.02.2022

Әр әскери қызметкердің антқа адалдығы - Отанға деген адалдығымен өлшенеді. Сондықтан қатардағы сарбаздан бастап, генералға дейін жауынгерлік бұйрықты кез келген уақытта орындауға міндетті. Ешбір қиындыққа қарамай командирдің бұйрығын бұлжытпай орындағанда ғана, елдің егемендігі мен жердің тұтастығы сақталады. Болашақта қорғаныс саласында қызмет еткісі келетін жастар үшін біліммен қоса отансүйгіштік және антқа адалдық - ең басты құндылық, дейді сала ардагерлері.

Қанат Кемелбаев, запастағы полковник:
Әскери ант деген бар. Онда бәрі көрсетілген. Командир деген бұйрық беруші адам, болғындықтан Отан алдындағы адалдық командирге де, адалдық болып саналады.
Ғалымжан Майханов, Шымкент қаласы ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы:
Қазіргі таңда өзіміздің қаракөз жас балаларымыз Отанды қорғап жатыр. Әрбір әскери адам халықтың тыныштығын, мүддесін қорғауы керек. Олар әскери борышын адал атқарып жатса елде тыныштық болады.


Хабарламаларға жазылу