«Burkit – арнайы жасақ» фильмінің тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Burkit – арнайы жасақ» фильмінің тұсауы кесілді

03.11.2023

Шымкентте «BURKIT – арнайы жасақ» атты көркем фильмнің тұсаукесері өтті. Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелері туралы түсірілген көркем туынды Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысы негізінде жарыққа шықты. Оған еліміздің ең танымал актерлері түскен. Ал, өңдеу жұмыстарын Голливудтың өңдеуші режиссері атқарған. Фильмнің басты кейіпкерлері – арнайы жасақтың үш жауынгері. Осы кейіпкерлер арқылы Отанға деген сүйіспеншілік, достық пен патриотизм, намыс пен абырой көрерменге көрсетілген.

 Сондай-ақ, әскери антқа және қызметтік міндетке деген адалдықты, еліміздің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің негізгі міндеттері насихатталады. Арнайы күштердің символына айналған «Күрең беретке» жету жолында адамның қаншалықты өзгеруі мүмкін екендігі туралы баяндалады. Ең жақын үш дос «Күрең берет» иеленуді армандайды. Жауынгерлердің күнделікті міндеттері қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұру болғандықтан, олардың достығы тапсырмаларды орындау барысында сыналады. Көркем фильм ел кинотеатрларының үлкен экрандарына шығарылды.

Ернар Әшірбеков, ҚР ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

Екі жұманың ішінде осы кинофильм, көркемфильм кинотетарларда көрсетілетін болады. Бұл жерде Ұлттық ұланның жауынгерлік қызметі және арнайы мақсаттағы «Бүркіт» тобының атқаратын жұмыстары, жалпы әскердегі қызметтегі орын алып отырған көркем суреттер болады.

Айнұр Әбілқасымқызы


шымкент

Хабарламаларға жазылу