Қорғаныс саласында қызмет ететін жастарға отансүйгіштік пен адалдық керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс саласында қызмет ететін жастарға отансүйгіштік пен адалдық керек

22.02.2022

Болашақта қорғаныс саласында қызмет еткісі келетін жастар үшін біліммен қоса отансүйгіштік және антқа адалдық - ең басты құндылық, дейді сала ардагерлері.

Әр әскери қызметкердің антқа адалдығы - Отанға деген адалдығымен өлшенеді. Сондықтан қатардағы сарбаздан бастап, генералға дейін жауынгерлік бұйрықты кез-келген уақытта орындауға міндетті. Ешбір қиындыққа қарамай командирдің бұйрығын бұлжытпай орындағанда ғана, елдің егемендігі мен жердің тұтастығы сақталады. Болашақта қорғаныс саласында қызмет еткісі келетін жастар үшін біліммен қоса отансүйгіштік және антқа адалдық - ең басты құндылық, дейді сала ардагерлері.

Қанат Кемелбаев, запастағы полковник:

Әскери ант деген бар. Әскери антта, бәрі көрсетілген. Өзінің еліне, өзінің сайлаған Президентіне, Отанына деген адал болып, Отанын қасық қаны қалғанша қорғау керек, деген ант та, жазылған. Ол командир деген, бұйрық беруші адам болғындықтан Отан алдындағы адалдық командирге де, адалдық болып саналады.

Ғалымжан Майханов, Шымкент қаласы Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы:

Қазіргі таңда өзіміздің қаракөз жас балаларымыз Отанды қорғап жатыр. Әрбір әскери адам халықтың тыныштығын, мүддесін қорғауы керек. Халықтың тыныштығы үшін аянбай қызмет етуі керек. Олар әскери борышын адал атқарып жатса елде тыныштық болады.


Хабарламаларға жазылу