Гонконгта коронавирус жұқтыру оқиғалары күрт көбейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгта коронавирус жұқтыру оқиғалары күрт көбейіп барады

21.02.2022

Гонконгта коронавирус жұқтыру оқиғалары күрт көбейіп барады. Сондықтан, мұнда ковидке шалдыққандарды емдейтін оқшаулау орталықтары дереу салынып жатыр. Өйткені, ауруханалар қауіпті инфекцияға шалдыққандарды қабылдап үлгере алмай отыр. Сонымен қатар, жергілікті әкімшілік муниципиалдық тұрғын үй кешендері мен отельдерді, спортзалдарды да карантин орталықтарына айналдырмақ. Соның нәтижесінде, госпитальдерде коронавирус пациенттері үшін қосымша 20 мың орын ашылады.

Бұған дейін ауырғандардың көп болғаны сонша, оларды тіпті жауын-шашында далада емдеуге тура келген.

Гонконг бүгінде пандемияның бесінші толқынымен күрес жүргізіп жатыр. Оны тоқтату үшін жергілікті 7 жарым миллион тұрғынды толық тестілеу мәселесі қарастырылып жатыр.


Хабарламаларға жазылу