61 елде коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

61 елде коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейіп келеді

08.04.2021

Куба дәрігерлері коронавирустың кемінде тағы бес түрін тапты. Сонымен қатар, елде оның «оңтүстікафрикалық» және «калифорниялық» варианттарына шалдыққандар саны артып келеді. Мұндай жағдай аралдың батысында байқалып отыр. Куба өзінің екі вакцинасын сынауды сәуірдің ортасына дейін аяқтап, күзге дейін халқының 80 пайызына екпе салудан үмітті. 

Үндістан өткен тәулікте ковид жұқтырудан рекорд жаңартты. Мұнда соңғы 24 сағатта 127 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Қазір оңтүстіказиялық ел пандемияның екінші толқынын бастан кешіп жатыр. Үндістан әлем бойынша осы вирустан ең қатты зардап шеккен АҚШ пен Бразилиядан кейінгі үшінші орында тұр. Ал, планетада жұқтыру оқиғалары 61 елде көбейіп, Covid-19 диагнозы 132 миллион 600 мыңнан астам адамға қойылып, 3 миллионнан астам қайтыс болған.

Ал, Германияның Бавариясы Ресейдің Sputnik V вакцинасының 2 жарым миллион дозасын сатып алуға дайын екенін мәлімдеді. Дегенмен, аймақ премьері Маркус Содердің мәлімдеуінше, бұл шешімді жүзеге асыру үшін Еуропа дәрі-дәрмек агенттігінің мақұлдауы қажет.

Арыстан Рысбек

коронавирус

Хабарламаларға жазылу