Қостанайда қос қабатты дүкен өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қос қабатты дүкен өртеніп кетті

10.03.2014
Қостанайда қос қабатты дүкен өртеніп кетті
Бүгін Қостанай қаласындағы қос қабатты «Қазына» дүкенінің ғимаратынан өрт шықты.
 
Бұл оқиғаға қатысты жауапты органдар әзірге  қандай да бір мәлімет бермей отыр. Тек өрт кезінде дүкеннің түгелдей дерлік жанып кеткені белгілі.
 
Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау түн ішінде тұтанған, өрт сөндірушілерге отпен бірнеше сағат бойы алысуға тура келген.

Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу