Еуропаның әуе компаниялары Киевке ұшақ рейстерін тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаның әуе компаниялары Киевке ұшақ рейстерін тоқтатты

21.02.2022

Ресейдің Украинаға басып кіру қаупіне байланысты Lufthansa және Swiss Air компаниялары Украина астанасына ұшақ рейстерін уақытша тоқтатты. Әуе рейстері бұл бағытқа ақпанның соңына дейін аттанбайды. Бұған қоса, германиялық «Люфтганза» өз ұшақтарын Киевпен қоса Одесса қаласына да жібермейді. Қос әуе компаниясы бұл шешімді жолаушылар және экипаж қауіпсіздігі үшін қабылдағанын түсіндірді. Олар жағдайды жіті бақылап, түрлі елдердің үкіметтерімен және халықаралық құрылымдармен үнемі байланыста болатынын мәлімдеді. Ал өзгеріске орай жолынан қалған жолаушылар басқа рейстерге ауыстырылмақ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу