Коронавирусқа байланысты Үрімшіге және Хайнаньға рейстер тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа байланысты Үрімшіге және Хайнаньға рейстер тоқтады

27.01.2020
Коронавирусқа байланысты Үрімшіге және Хайнаньға рейстер тоқтады

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Қытай мен Қазақстан арасында әуе рейстерін 4 компания жүзеге асырады: Қазақстан тарапынан Air Astana, Scat компаниялары, ал Қытай тарапынан Air Сhine, Chine Southern Airlines. Аптасына 34 рейс орындалады. Бізден 22 рейс, Қытайдан 12 рейс ұшырылады.

Air Astana коронавирусқа байланысты Үрімші рейстерін 24 қаңтардан бастап тоқтатты. Ал аспан асты елінің астанасы Пекинге әуе рейстері 28 қаңтардан бастап тоқтатылады. 

Өз кезегінде Scat әуе компаниясы да келесі рейстерден бас тарту туралы шешім қабылдады:

27 қаңтар Нұр Сұлтан - Санья

27 қаңтар, Алматы - Хайкоу

30 қаңтар, Алматы - Хайкоу.

«Туристік Қамқор» корпоративтік қорының ақпараты бойынша, 1000-ға жуық Қазақстан азаматы Қытайда қалып қойды. Қытайдан шыға алмай отырғандардың басым бөлігін Хайнань аралындағы туристер құрайды. Бір қуантарлығы, демалыстағы отандастарымыздың арасында әзірге коронавирус өршуі жоқ. 

Ал «Туристик Қамкор» корпоративті қорының төрағасы Инна Рейдің айтуынша, демалысқа әлі аттанбаған туристердің төлеген сомасы толығымен қайтарылады.

Азаматтық авиация комитеті елдің әуежайларымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, қажетті шаралар қабылдауда. Жолаушылар арнайы стационарлық тексерістен өтеді. Күн сайын әуежай қызметкерлері қауіпті инфекция тараған елдерден келген жолаушылармен қауіпсіздік жаттығуларын өткізеді.

29 қаңтарда практикалық командалық-штабтық жаттығулар өткізу жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу