Әуе компаниялары индонезиялық жанартау салдарынан рейстерін доғарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе компаниялары индонезиялық жанартау салдарынан рейстерін доғарды

31.05.2014
Әуе компаниялары индонезиялық жанартау салдарынан рейстерін доғарды
Индонезиялық Сангеанг Апи жанартауының атқылауы салдарынан  «Qantas, Jetstar» және«Virgin Australia»  әуе компаниялары Австралияның солтүстігіндегі Дарвин қаласына рейстерін доғарды.
 
BBC-дің хабарлауынша, жанартау 30 мамырдан бері атқылай бастаған.
 
Австралия билігі басқа әуежайлар да жұмыстарын уақытша тоқтататынын ескертеді.

Хабарламаларға жазылу