Шағын бизнес иелері міндетті жарнадан босатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын бизнес иелері міндетті жарнадан босатылады

18.02.2022

Шағын бизнес иелері кәсіпкерлердің ұлттық палатасына төлейтін жарнадан босатылады. Осы уақытқа дейін 21 мыңнан аса шағын кәсіпорын «Атамекенге» міндетті жарна төлеп келген. Бұл палатаға жарна төлейтін бизнестің 74 проценті. Ал одан түскен пайда 1 млрд 200 млн теңгеге жетті. Енді шағын кәсіпкерлік нысандардан міндетті төлем алынбайтын болса, ұлттық палатаға жарна төлеушілер 4 есе қысқарып, 7 мыңға дейін азаяды. Бұл бизнеске айтарлықтай қолдау дейді мамандар. Ал бұдан былай мұндай кәсіпкерлерден алынған ақшаны палата шығынын оңтайландыру есебінен өтеу ұсынылды. Айта кетейік, Президент шағын кәсіп иелерін палата құрамында болғаны үшін төлейтін жарнадан босату туралы тапсырма берген еді.


Хабарламаларға жазылу