Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІІ съезі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІІ съезі өтуде

27.01.2015
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІІ съезі өтуде

Астанада өткен жиынның күн тәртібінде бизнес субъектілері төлеуге міндетті жарна мөлшері мен оны төлеудің тәртібі қаралды.

Бүгінде міндетті мүшелік жарна төлеуге жататын бизнес нысандары жылдық жалпы табысының көлеміне қарай екі санатқа бөлінеді.

Оған сәйкес, 160 және 4 400 айлық есептік көрсеткіш жарна төлеу белгіленген. Ал, шағын бизнес өкілдері мұндай міндеттен 2019 жылға дейін босатылған.

Әр аймақтан келген делегаттар осыған байланысты өздерінің ұсыныстарын жеткізді.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу