Конькимен жүгіру: Дмитрий Морозов пен Денис Кузин Олимпиада ойындарын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конькимен жүгіру: Дмитрий Морозов пен Денис Кузин Олимпиада ойындарын аяқтады

18.02.2022
Конькимен жүгіру: Дмитрий Морозов пен Денис Кузин Олимпиада ойындарын аяқтады

Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден 1000 метр қашықтықта сынға түскен Дмитрий Морозов 01:09:61 нәтижесімен 17-орын алды. Ал Денис Кузин 01:10:07 көрсеткішімен жарысты 23-орында аяқтады.

Сайыстан соң 2013 жылғы Әлем чемпионы, 4 Олимпиада ойындарының қатысушысы Денис Кузин спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

 Бұл бәсекеде үздік шыққандар:

Олимпиада чемпионы – Томас Крол (Нидерланд) (01:07:98)

Күміс жүлде – Лорен Дюбреул (Канада) (01:08:32)

Қола жүлде – Хаавард Лорентсен (Норвегия) (01:08:48)


Хабарламаларға жазылу