Еуропаның екі елі коронавирустық шектеулерден бас тартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаның екі елі коронавирустық шектеулерден бас тартпақ

17.02.2022

Австрия мен Швейцарияда коронавирусқа қатысты шектеу шараларының барлығына дерлігі алынып тасталмақ. Бұл туралы «Рейтерс» агенттігі хабарлады. Австрияда өзгеріс наурыздың 5-нен бастап күшіне енеді. Коменданттық сағат алынып тасталады. Бұған қоса, дәмхана, мейрамханаларға түнде жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ақпанның 19-нан бастап ел «3 Джи» ережесіне қайта оралмақ. Оған сай, түрлі іс-шараларға қатысу үшін екпе туралы куәліктен бөлек теріс нәтижелі ковид тестінің болуы міндет.

Ал Швейцарияда бүгіннен бастап ковид куәліктері талап етілмейді


Сонымен бірге жиындарға қатысты шектеу алынып тасталды. Мектептерде, концерт залдарында және жұмыс орындарында маска тағу ережесі де күшін жойды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу