Алматыда кәсіпкерлерге 1 млрд теңгеден астам өтемақы төленді
Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бизнесіне залал келген 601 кәсіпкердің өтемақысы төленді. Соңғы бір тәулікте 56 азаматтың өтінімі қабылданған. Арнайы комиссияның мәліметінше, бүгінге дейін 1млрд 118 млн теңге өтемақы аударылды. Әзірге шығыны 5 млн теңгеден аспайтын шағын және микро бизнес ұйымдарына төленіп жатыр. Алда 900-ге жуық кәсіпкердің өтінімі қаралады. Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы бизнесінің бүлінгенін дәлелдей алмайтын немесе құжаты жоғалғандарға қалай көмек көрсетілетінін айта кетті.
Қанат Сағындықов, қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары:
Біздің механизм бойынша екі жол бар. Біреуі жеңіл жол: Кәсіпкер ештеңені дәлелдемейді. Салық комитетінен ақпарат алып, жылдық айналымына қарап есептесеміз. Екінші жол: дәлелдей алмаған жағдайда экономикалық сараптама арқылы өтеді. Сарапшылар қандай шешім қабылдайды, соған байланысты төлем жасаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Газ баллондарының қауіпсіздігі: Құтқарушылар ескерту жасады
20.03.2026, 20:50
Ұшақта толғағы қысқан әйелге дәрігер көмек көрсетті
20.03.2026, 20:48
Премьер-министр Аралдың айналасын көгалдандыруды күшейту керектігін тапсырды
20.03.2026, 20:46
Тарихи ескерткіш маңына ағаш отырғызылды
20.03.2026, 20:44
Жаңа Конституция: Қазақстан заманауи мемлекеттік-саяси үлгіге көшті
20.03.2026, 20:43
Сарапшы: Мәслихат пен жергілікті атқарушы билік жұмысы үйлестіріледі
20.03.2026, 20:42
«Миранда» қағидаты адам құқығын қорғаудың кепілі
20.03.2026, 20:41
Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері жоғары
20.03.2026, 20:38