Табысынан шығыны көп шенеуніктер жауапқа тартылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табысынан шығыны көп шенеуніктер жауапқа тартылуы мүмкін

16.02.2022

Табысынан шығыны көп шенеуніктер жауапқа тартылуы мүмкін. Бүгін мәжіліс депутаттары жемқорлыққа қарсы осындай заң жобасын талқылады. Құжатты таныстырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының айтуынша шенеуніктер жемқорлықпен келген дүние-мүлікті жасыру үшін өзгенің атына жазатыны жасырын емес. Сондықтан табысы аз бола тұра, қымбат көлік мініп, элиталы үйде тұратын мемлекеттік қызметкерлер тексерілмек. Яғни қаралып жатқан құжатқа сай, шенеуніктің шығыны мен табысының айырмашылығы 3 миллион теңгедене асса, қаржыны қайдан алғанын заң алдында түсіндіруі тиіс. Олай жасай алмаса, айыппұл арқалайды және қызметінен қуылады. Десе де заң жобасы әлі талқыланып жатыр. 

Досжан Қалиев

Хабарламаларға жазылу