Талдықорғанда мемлекеттік бағдарламамен салынған баспананы кезексіз алып бермек болған Дина Искакованың соты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда мемлекеттік бағдарламамен салынған баспананы кезексіз алып бермек болған Дина Искакованың соты басталды

26.01.2017
4 айға созылған тексеруден кейін айыпталушы орындығына тағы 4 азамат отырды. Бұл тізім әлі де өсуі мүмкін.

Сотталушылардың қорғаушылары бірауыздан судьяға «өзін жәбірленушімін деп көрсеткен азаматтардың кейбірін ол қатардан шығару керек» деген өтініш білдірді. Себебі, осы сот отырысында жәбірленушінің өзі үшінші тұлғаларға делдал ретінде көмектеспек болған әрекетін ашық айтты. Ал, оңай жолмен пәтерлі болуды көздегендер қаржы бергендері үшін де жауапқа тартылуы тиіс.

Жалпы, бұл істе 47 адамның арызы қаралып, оларға 500 мың АҚШ долларына жуық нұқсан келтірілген. Сот процесі әлі жалғасады.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу