Алматы әуежайы 13 қаңтардан жұмысын қайта бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайы 13 қаңтардан жұмысын қайта бастайды

12.01.2022

Алматыда бүгін тағы да қарақшылар тобы ұсталды. Полицияның мәліметінше бес адам қолға түскен. Арасында екі қыз бар.

Қуан Нұрақын, тілші:

Белгілі болғандай күдіктілер есірткі таратумен айналысқан. Олардың жалдамалы пәтерінен сатуға дайындалған синтетикалық есірткі мен ұрланған техника бұйымдары табылды. Оған қоса ұнтақ тәрізді 70-тен аса түйіншек, сондай-ақ, компьютерлер, ноутбуктер, теледидарлар мен монитор, виртуалды ойындарға арналған бас киім мен оқ-дәрі тәркіленді. Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп тексеру жұмыстары басталды. Ұсталғандардың қалада болған тәртіпсіздікке қатысы бар-жоғы анықталуда. Еске сала кетейін, төтенше жағдай режиміне байланысты қалада сағат кешкі 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін әлі де коменданттық сағат жұмыс істейді. Қала тұрғындары оның талаптарын сақтауға міндетті. Сондай-ақ жедел іздестіру шаралары жалғасуда.


Хабарламаларға жазылу