Екібастұз қаласында қараусыз қалған 4 бала ауруханаға жатқызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз қаласында қараусыз қалған 4 бала ауруханаға жатқызылды

14.02.2022

Екібастұз қаласында үш күн нәр татпаған, аш-жалаңаш 4 бала табылды. Алды 7-де, қалғаны 5, 4 және кішісі 3 жаста. Олардың әке-шешесі бар. Кеңшілер қаласына Қалқаман ауылынан көшіп келіп пәтер жалдап тұрады. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында «маугли балалар» атанып кеткен жеткіншектер жайлы жергілікті полицияға көршілері хабарлаған. Қазір төртеуі де аналарымен бірге ауруханада. Біреуінен ковид анықталды. Екеуінің өкпесі қабынған. Әрі рахит диагнозы қойылды. Бұған дейін ешқайсысы дәрігерге қаралып, медициналық мекемеге тіркелмеген. Осы жаға ұстатарлық жағдайдан кейін еріктілер жасағы олардың туыстарын іздеп тапты. Қалқаман ауылындағы ол үйден де 1 жастағы ұл бала дереу ауруханаға жөнелтілді. Оның анасы екібастұздық балалардың туған әпкесі екен.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу