Алматы облысында полиция ғимараты өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында полиция ғимараты өртенді

14.02.2022

Алматы облысының Талғар қаласында аудандық полиция бөлімінің ғимараты өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша өрт әкімшілік ғимараттағы кабинеттердің бірінде электр сымдарының тұйықталуынан шыққан. Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды 25 минутта сөндіріп, басқа аумаққа таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Іс-қағаздар мен құжаттарға зиян келмеген. Оқыс оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Хабарламаларға жазылу