«Сырғалым» телехикаясы жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сырғалым» телехикаясы жалғасады

25.06.2014
«Сырғалым» телехикаясы жалғасады
«Сырғалым-2: Қазақстандық тележобалардың жаңа үлгісі». Осындай атаумен Алматыдағы «Қазақфильм» кинокомпаниясында баспасөз-мәслихаты өтті. Жиынға бүгінде көрермен көзайымына айналған отандық телехикаяның бас кейіпкерлері, шығармашылық ұжым мен БАҚ өкілдері қатысты.
 
Кездесуде телехикая жалғасынан бөлек, отандық киноөндірістің бүгінгі ахуалы, даму жолдары мен көрермен сұранысы сөз болды. Тілшілер түсірілім алаңын аралап, қазақстандық тележобалар өндірісі тарихындағы аса қымбат, әрі жоғары сапалы декорацияларды тамашалады.
 
Айта кету керек, «Сырғалым» - Ұлттық арнамыздың тапсырысы бойынша «Көркем фильм» кинокомпаниясы түсірген отандық телехикая. Фильм - қазіргі кездегі отбасының күнделікті өмірі туралы. Отағасы жақын досының қызын басына қиындық туған соң үйінде тұрғызып, ауылдан келген бойжеткен арқылы көп адамдардың шынайы бет бейнесін байқайды.
 
Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу