Семейде техникалық мамандық иелеріне арналған орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде техникалық мамандық иелеріне арналған орталық ашылды

11.02.2022

Елімізде «Жас маман» мемлекеттік жобасы аясында 200 оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қомақты қаржы бөлінді. Шығыс Қазақстандағы 10 колледжге бағдарлама аясында қолдау жасалды. Солардың бірі - «Геологиялық барлау колледжі». Техникалық мамандарды дайындайтын бірегей оқу орнында құзыреттілікті арттыру орталығы ашылды. Тау-кен саласында қолданылатын ең озық үлгідегі құралдармен жабдықталған. Ол үшін мемлекеттен 430 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Әлемдік білім беру ортасына интеграциялану, еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып білім беру, халықаралық стандарттарды енгізу сынды мақсатты көздейді. Бұл - елімізде техникалық мамандық иелеріне арналған алғашқы орталық, дейді мамандар. 

Хабарламаларға жазылу