Шымкентте мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

24.02.2015
Шымкентте мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Енді шымкенттік тұрғындар тұтынылған газ үшін ақы төлеуге арналған дербес шот ашу, газдандыруға арналған құжаттарды жинау, шарттар жасасу секілді операцияларды жылдам рәсімдей алады.

Қалада мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.

Орталық заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Тұтынушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша сапалы әрі жылдам қызмет көрсетіледі.

Айта кету керек, бүгінде осы өңірде 270 мыңнан астам абонент, 660 өнеркәсіптік кәсіпорын және шамамен 6 мың коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын көгілдір отынды  тұтынады.

Газ тарту құбырының ұзындығы 6,5 мың шақырымды құрайды.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу