Қазақстан спортшыларының 10 ақпан күнгі нәтижесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан спортшыларының 10 ақпан күнгі нәтижесі

10.02.2022
Қазақстан спортшыларының 10 ақпан күнгі нәтижесі

Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы классикалық стильде 10 шақырымға созылған жарыс аяқталды.

Бұл қашықтықта жарыс жолына шыққан спортшыларымыз:

Ангелина Шурыга 52-орын;
Ксения Шалыгина 53-орын;
Надежда Степашкина 57-орын;
Валерия Тюленева 59-орыннан көрінді.

Енді отандастарымыз 12 ақпан күні командалық эстафетада бақ сынайды.

Тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:20-да «Qazsport» телеарнасында көрсетіледі.

Ал фристайл-акробатика бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары Жанбота Алдабергенова мен Шерзод Хаширбаев жарыс жолына ұйымдастырушылар шешімімен шыққан жоқ.

Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева 13 ақпан күні әйелдер арасындағы іріктеу сындарына, ал Шерзод Хаширбаев 15 ақпанда болатын ерлер арасындағы жекелей іріктеу сынына қатысады.

Хабарламаларға жазылу