Елдегі эпидахуал: Өткен тәулікте 3231 жағдай тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі эпидахуал: Өткен тәулікте 3231 жағдай тіркелген

09.02.2022

Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 3231 жағдай тіркелген. 21 адам қайтыс болды, 16371 науқас айығып шықты. Жағдайдың тұрақталуына байланысты екі өңір «қызыл» аймақтан шықты. Өңірлердегі эпидахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары әлі де қауіптің жоғары деңгейінде босла, «сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары тұр. Ал, «жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. Індетке қарсы вакцинаны толық алған қазақстандықтардың саны 8 832 725 адам.  

Хабарламаларға жазылу