Антирекорд жаңарды: 13874 адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антирекорд жаңарды: 13874 адам коронавирус жұқтырды

19.01.2022

Өткен тәулікте 13874 адам коронавирус жұқтырған. Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш.

Бұған дейін биыл 15 қаңтарда 13523 жағдай тіркелген еді. Індеттен кеше 12 адам қайтыс болды. Барлық өңірде эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. «Жасыл» аймақта бірде бір өңір қалған жоқ. «Сары» аймақта бір ғана Түркістан облысы тұр. Қалған өңірлер түгел қауіптің «қызыл» деңгейінде. 

Хабарламаларға жазылу