Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындары жалғасуда. 1500 метрге конькимен жүгіруден сайысқа түскен қазақстандық спортшы Дмитрий Морозов 18-ші орынға табан тіреді. Мәреге жеңімпаздан 3.80 секундқа кешігіп келген отандасымыз жарыс жолын аяқтады. Осы спорт түрінен Олимпиада рекордын нидерландылық Кьелд Нёйс орнатты. Екінші орынды да нидерландылық конькиші Томас Крол жеңіп алып, күміс жүлдегер атанды. Үздік үштікті Оңтүстік Корея атлеті Ким Мин Сок түйіндеді.
Айта кетейік, ертең жарыс жолына Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:15-те әйелдер арасындағы тау шаңғысынан Александра Троицкая шығады. Ал, 15:00-де 10 шақырымдық пен трамплинді қоссайыстан Шыңғыс Ракпаров өнер көрсетеді. Бұл қоссайстың ақтық жарысы сағат 16:00-де өтеді.
Жарыстарды «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан тамашалай аласыздар.