Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков жарыс жолын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков жарыс жолын аяқтады

12.02.2018

Бір сағат бұрын Қысқы Олимпиада астанасы Пхенчханда ерлер арасындағы фристайл бәсекесі өз мәресіне жетті. Бұл сайыста қос бірдей қазақстандық  Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков сынға түсті. Әлемдік додаларда топ жарып жүрген спортшылардан жанкүйерлер медаль күткен еді. Алайда, бүгін жерлестеріміз  барын салып өнер көрсеткенімен, сәттілік жолдас бола қоймады. Тәжірибелі Дмитрий 8-ші орынға тұрақтаса, жас спортшы Павел Колмаков 7-ші орынға ие болды. Бұл бәсекеде Сочи Олимпиадасының күміс жүлдегері канадалық Микаэль Кингсбери жеңімпаз атанды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу