Мемлекет басшысы Еуропа Одағының арнаулы өкілін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының арнаулы өкілін қабылдады

07.02.2022

Қазақстан Еуропа Одағымен стратагиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы ұйымның Орталық Азия бойынша арнаулы өкілімен кездесуінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакалаға қаңтар оқиғасының мән-жайын айтып берді. Президент адам құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуге баса назар аударылып жатқанын мәлімдеді. Бас прокуратураға тергеу жұмыстарын ашық әрі әділ түрде жүргізуге тапсырма бергенін айтты. Ал Тери Хакала Еуропа Одағы Қазақстан президентінің саяси реформаларын толық қолдайтынын және еліміздің өркендеуіне, тұрақтылығына мүдделі екенін айтты.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу