Украина – чемпион, Қазақстан – 12-ші орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина – чемпион, Қазақстан – 12-ші орында

21.02.2014
Украина – чемпион, Қазақстан – 12-ші орында
Биатлоннан әйелдер арасындағы эстафеталық бәсекеде Украина құрамасы Олимпиаданың алтын медалін алды. Вита Семеренко, Юлия Джима, Валентина Семеренко және Елена Пидгрушная мәреге бірінші жетті.
 
Ал екінші және үшінші орынға Ресей мен Норвегия құрамалары жайғасты. Ал Қазақстандық биатлоншылар 12-ші орыннан көрінді. Бұл сында біздің елдің атынан Галина Вишневская, Елена Хрусталева, Дарья Усанова және Марина Лебедева жүгірді.
 
Биатлон. Эстафета. 4х6 шақырым. Әйелдер. Олимпиада ойындары. Сочи, Ресей.
1. Украина    1:10:02.5
2. Ресей             +26.4
3. Норвегия       +37.6

12. Қазақстан    +5:52.2

Хабарламаларға жазылу