Алматы облысында пара алып келген кеденші сотталды
Алматы облысындағы «Нұр жолы» кеден бекетінде жүк көлік жүргізушілерінен пара алып келген қызметкер сотталды. Бас маман кеденнен көліктерді кедергісіз өткізгені үшін әр қайсысынан 1000 теңгеден алып отырған. Панфилов аудандық сотының шешімімен оған 1 млн 640 мың теңге айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айырды.
Прокурорлар істі қарау кезінде күдіктіні 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сот оның отбасында кішкентай балалар барын ескеріп, жазаны айыппұл ретінде өтеу туралы үкім шығарды. Ал кеденшіге пара берген 24 көлік жүргізушісіне 10 мың теңгеден айыппұл салынды. Алайда олар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы рақымшылық заңына ілініп, жазадан босатылды. Ал кеденшігі қатысты сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы