Бейжіңде «Динамоның» 28 спортшысы ел намысын қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде «Динамоның» 28 спортшысы ел намысын қорғайды

03.02.2022

Бейжіңдегі Қысқы Ойындарда еліміздің намысын 34 спортшы қорғайды. Олар фристайл-могул, акробатика, шаңғы жарысы, тау шаңғысы, трамплиннен секіру, биатлон сынды 8 спорт түрінен бақ сынайды.

Жалпы қазақстандық құрама 87 олимпиадалық лицензияны жеңіп алған. Оның 28-і - «Динамо» дене-шынықтыру-спорт қоғамының өкілдеріне тиесілі. Ұлттық құраманың ту ұстаушылары болып шорт-трекші Абзал Әжғалиев пен конькимен жүгіруші Екатерина Айдова тағайындалды.

Хабарламаларға жазылу