Бейжің-2022: Александра Троицкая мен Лата Кролина жарыс жолына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің-2022: Александра Троицкая мен Лата Кролина жарыс жолына шықты

09.02.2022

Бейжіңде қазақстандық спортшылар да жарыс алаңына шықты. Сағат 8:05 тау шаңғысынан Александра Троицкая мен Лата Кролина жарыс жолына шыққан. Сағат 12:50-де ерлер арасындағы шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Ракпаров ал, 16:55-те шорт-тректен 1000, 1500, 3000 м қашықтықта – Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Ольга Тихоновалар қазақтың намысын қорғайды. Айта өтейік, Ақ олимпиаданы «Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналарынан тамашалай аласыздар!

Хабарламаларға жазылу