АҚШ-тан Шығыс Еуропаға 3 мың америкалық жауынгер аттанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тан Шығыс Еуропаға 3 мың америкалық жауынгер аттанады

03.02.2022

АҚШ жуырда Шығыс Еуропаға қосымша 3 мың сарбаз жібермек. Америкалық әскерилер Украинамен шекаралас Польша мен Румынияға шоғырланады. Пентагонның ресми өкілі Джон Кирбидің мәлімдеуінше, бұл Ресейдің Украинаға басып кіру қаупіне байланысты НАТО қауіпсіздігін күшейту үшін қажет. Бұған дейін АҚШ 8500 жауынгер Еуропаға аттануға дайын тұрғанын мәлімдеген еді. Польша мен Румынияға жіберілетін 3 мың сарбаз олардың қатарына кірмейді.

Путин Джонсонмен телефон арқылы сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсонмен телефон арқылы сөйлесті. Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар Украина төңірегіндегі жағдайды, Ресейдің Батыс елдерінен талап еткен қауіпсіздік кепілдігі мәселелерін қозғаған. Британ үкіметінің мәлімдеуінше, лидерлер жағдайдың шиеленісуіне мүдделі емес екенін, диалог пен дипломатияның маңыздылығын атап өткен.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу